Жетісу облысы, Көксу ауданы Балпық би ауылы "Балдаурен" бөбекжай -балабақшасында 2023 жылдың қараша айынан балабақшаға келмейтін балалардың ата -аналарына арналған Консультациялық пункт жұмыс жасайды.Консультациялық пункт жоспарына сәйкес қаңтар айында "Шығармашылық бөлме жұмысы" балабақша келмейтін балалардың ата -аналары баламен келгенде бір күндік уақыттарын осы шығармашылық бөлмеде өткізіп, баламен тығыз байланыста болып , баламен бірге жұмыс жасап бос уақыттарын тиімді пайдаланады.Сонымен қатар психологиялық -педагогикалық қолдау көрсетуге,баланы жан жақты дамуына кеңес беруге, баланы тәрбиелеу мен оқытуға байланысты сұрақтарыңыз туындаса өсе меңгеруші,әдіскер,педагог-психолог, логопед пен дефектологтан сонымен қатар медбикелерден кеңестер алуларыңызға болады.